» » Қызылордада 100 адамға той жасаған

Қызылордада 100 адамға той жасаған

  Қызылорда қаласында жергілікті тұрғын аулада 100-ге тарта адам жиналған үйлену тойын өткізбек болған.
Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны аулада үйлену тойын өткізбек болған. Оған 100-ден астам адам жиналған. Той қалалық мобильді топтың араласуымен тоқтатылды. «Мобильді топ құрамында қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бар», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен. Мамандар бүгінге дейін қала аумағында орналасқан 9 мыңға жуық нысанды аралады. Карантин талаптарын сақтамаған 160 нысанға қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті анықтама жолданды. Оларға тиісті шара қабылданды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды.

inform.kz
07 тамыз 2020 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031