Карантин ұзартыла ма?
Елордада карантинді алып тастау қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Astana» телеарнасынадағы сұхбатында айтты.
«Барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарып қалды, динамика оңтайлы дәрежеде. Бұған дер кезінде қабылданған шаралар, яғни карантиндік шаралар мен біздің дәрігерлердің күш-жігері ықпал етті. Енді карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада Үкіметте ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялайды», – деді ол.Оның сөзіне қарағанда, бүгін сауда орталықтары өкілдерімен, құрылтайшылармен, жалға алушылармен кездесу өтті.«Біз кәсіпорындармен ауқымды жұмыстарды атқарып жатырмыз. Карантиннің аяқталуын күтпей, санитарлық нормаларды орындау бойынша қатаң шараларға дайындалудамыз. Олар негізінен жабық ғимараттар. Санитар дәрігерлердің дерегінше, дәл осы жабық ғимараттардың ішінде індет жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан санитардық нормалардың орындалуын бақылау керек. Сәйкесінше, осы үшін жауапкершілік бұл сауда нысандарының әкімшілігіне тиесілі», – А. Көлгінов.
"Айқын" ақпарат