» » Жастар. Жалын. Бастама

Жастар. Жалын. Бастама

 
«Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
 10 тамыз күні ЖОО және ОАО орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен онлайн кездесу ұйымдастырылып, жастарды қолдау және олардың қажеттіліктерін анықтау мәселелері бойынша жан-жақты талқыланды. Оқу орындарындағы комитет жетекшілерімен тәжірибе алмасу алаңы құрылып, жылдық жоспар дайындау жөнінде ұсыныстар айтылды. Шарада карантиндік жағдайда онлайн білім берумен қатар онлайн тәрбие беру мәселелеріде қозғалды.
Ал 11 тамыз күні ZOOM платформасы арқылы кент және ауылдық округ жастары арасында онлайн марафон өткізілді. «12 тамыз – Халықаралық жастар күнін» жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған онлайн марафонға кент және ауылдық округтардан жас отбасылар мен жас мұғалімдер қатысты.
– Өңіріміздегі белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп, орталықтың және жастар ұйымдарының әлеуметтік желілерінде 11-12 тамыз күндері аралығында «YOUR TIME» онлайн квест ойындары өткізілді. Шараны ұйымдастыруға «Ұлағат Ұландары» ЖҚБ, «GQ» ЖҚБ, «Кітап құраттары» қозғалысы, Қызылорда облыстық Jas Otan ЖҚ, Қызылорда облыстық Jas Sarbaz әскери патриоттық клубының филиалы атсалысты. Қатысушы жастар үшін әртүрлі шығармашылық және логикалық тапсырмалар беріліп танымдық ақпараттар ұсынылды. Шара онлайн инстаграм әлеуметтік желісінде уақыттық бөлініс бойынша ұйымдастырылып әр ұйымның тікелей эфирінде 70 тен аса қаралымдар жинап отырды, – деді «Qosyl»қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік.
Сондай-ақ, 12 тамыз күні «ZOOM» интернет платформасында Жастар. Жалын. Бастама. атты республикалық онлайн тренинг семинар ұйымдастырылды. Қызылорда облысы «Қазақстан Студенттері Альянсы» РСҚ-ның «Qosyl»қалалық жастар ресурстық орталығының бірлескен шарасы аясында өңірлік және республиканың қалалырынан жастар ұйымдамрының жетекешілерімен үздік жобалары таныстырылып тәжірибе алмасу алаңы құрылды. Сонымен қатар Республикалық «Қазақстан Студенттері Альянсы» РСҚ-ның төрағасы Президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы және жергілкті көшбасшылардан құрылған спикерлер сөз алып спикер ретінде қатысушылар үшін маңызды ақпарттар ұсынды.
13 тамыз 2020 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930