» » Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

 
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы – Назарбаев университетін тәмамдаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014-2017 жылдары – «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.
2017-2018 жылдары – «Астана – жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
17 тамыз 2020 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930