Қазығұрт тұрғыны коронавирусты тоқтатпақ

Қазығұрт тауының төбесіндегі дау тудырған пирамидалар мәселесі сотта қаралады Қазығұрт тауының басында пирамидалар пайда болды, – деп хабарлайды Astana TV
«Қазығұрттану» ғылыми- зерттеу институтының директоры Бералы Артығалиев «биіктігі үш метрлік төрт пирамиданың күші аздау болып тұр», – деп топшылайды. Нұх пайғамдардың кемесі қайырлаған маңда бой көтерген үш бұрыштар адамзат баласының басына төнген бәлекеттің алдын алатына сенімді. Алайда профессордың пікіріне иланушылар тым аз. Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, профессордың әрекеті заңсыз. Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Әлсейітов: «Ешқандай жер де алмай, рұқсат та алмай өз бетінше барып иеленіп отыр. Бұл өз бетінше жерді иелену», – дейді. Бұл бойынша 75 АЕК айыппұл салынады. Мемлекеттік сәулет басқармасы тарапынан тексеріліп, қазіргі уақытта сотқа берілді. Шенділер келер аптада бұл іс сотта қаралатынын мәлімдеді.
aikyn.kz