» » Ата Заңға – 25 жыл

Ата Заңға – 25 жыл

   Ата Заңда көрсетілгендей, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елдегі татулық пен бірліктің арқасында халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарып, демографиялық өсім көрсеткіші жылдан жылға артуда. Мысалы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақта халық саны 592 мың адамды құраса, қазір 809,3 мыңнан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
«Конституцияны құрметтеу, оны ұлықтау – біздің басты парызымыз. Ата Заңды айбар тұтып, егемендікті нығайту жолындағы жұмыстар жан-жақты жүруде. Биыл Ата Заңға ширек ғасыр толып отыр. Атаулы күнге байланысты аймақта ерекше форматта шаралар өткізіледі. Соған сәйкес Конституцияның 25 жылдық мерейлі мерекесін атап өту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтқанда, «Айбары асқақ Ата Заң» атты мерекелік онлайн концерт, «Syr Shańyraǵy», «Syr Sporty», «Syr Qoǵamy», «Syr Bolashaǵy», «Syr Birligi» youtube арналарында «Ата Заңға – 25 жыл» атты зиялы қауым өкілдерінің, өнер жұлдыздарының, спорт шеберлерінің, жас көшбасшылардың және этномәдени бірлестік өкілдерінің онлайн бейнеқұттықтаулары, «Азат елдің Ата Заңы» атты белсенді жастар ұйымдарының, студент жастардың, волонтерлардың онлайн акциясы, тағы да басқа шаралар өтеді. Бұған қоса, Жалағаш ауданында 140 орындық мектеп ашылады», – деді Серік Әбжәліұлы.
Сондай-ақ брифинг барысында облыстағы 673 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 59 659 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар 100% балабақшамен қамтылатыны айтылды.
Биыл облыс бойынша 7 млрд теңге қаржы бөлініп, 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және облыстық бюджеттен барлығы 3,1 млрд теңгеге 20 мектеп күрделі жөндеуден өтуде (Қазалы – 3, Қармақшы – 1, Жалағаш – 2, Сырдария – 2, Шиелі – 2, Жаңақорған – 5, Қызылорда – 5).
Жаңа оқу жылында облыста 740 орындық 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Бұлар – Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы №34 апатты мектептің орнына 140 орындық жаңа ғимараты және Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі бойындағы 600 орындық жаңа мектеп.
25 тамыз 2020 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031