» » НЗМ оқушысы республикалық шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

НЗМ оқушысы республикалық шахмат турнирінде жеңімпаз атанды


Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрдәулет Таңатов «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» атты республикалық шахмат турнирінде жүлделі екінші орынға ие болды.

Нұрдәулетпен бірге онлайн-турнирге 900-ге жуық мықты қазақстандық шахматшылар қатысты. Қатысушылар 10, 14 және 18 жас ерекшеліктері бойынша өзара сайысты. Қызылордалық зияткер орта санатта бірқатар мықты қарсыластарды жеңіп, тек бір қатысушыға есе жіберіп, ойын кестесінде екінші орынға шықты.
– Шахмат ойлау дағдысын арттырып,  есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады, – дейді Нұрдәулет. – Бұл спорттағы кумирім – норвегиялық шахматшы, әлем чемпионы Магнус Карлсен. Оның ойын техникасы мен стилі қызықтырады. Шахматтың барлық түрлеріндегі қол жеткізген жетістіктері оны әмбебап ойыншы екенін байқатады. Әсіресе қарсыластың психологиясын өткір сезе білу қабілеті ұнайды.
Жас спортшыны шахмат тақтасымен 6 жасында үйдегі үлкендер таныстырған екен. Отбасылық ойындар Нұрдәулеттің шахматқа деген қызығушылығын артырып, кәсіби деңгейде үйренуге септігін тигізді. Бүгінде Нұрдәулеттің қоржыны облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі көптеген медальдарға толы.
«Менің шахматтық мансабымдағы ең үлкен жетістігім – Astana Open 2019 халықаралық шахмат фестиваліндегі қола медалім. Бұл жарыста Швейция, Бельгия, Беларусь, Моңғолия және басқа да елдердің 628 спортшымен ой жарыстыру мүмкіндігі бұйырды. Әрбір жарыс – мен үшін өзімнің қабілеттерімді ашатын, жаңа білім мен тәжірибе жинақтайтын сабақ», – деп бөлісті естеліктерімен Нұрдәулет.
09 қыркүйек 2020 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031