Бүгін бірнеше облыста күн ыстық болады

Маңғыстау облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с шаңды дауыл көтеріледі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.