ӘКІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

Аталған жеңілдікке әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобынан шыққан оқушылар өңірге қажетті мамандық бойынша білім алады. Мәселен, техникалық ғылым және технология – 80, білім – 78, қызмет көрсету – 1, өнер – 11, әскери іс және қауіпсіздік – 15, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандығына – 20 грант бөлінген.Үміткерлерден құжатты қабылдау 1 тамыздан бастап, тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы жүргізіледі.