» » » «ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов аймақтағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдер мен еркін форматта кездесті.
Мәжілісте облыстағы бірқатар ҮЕҰ-дың жетекшілерінен түскен ұсыныстар мен жалпы жиналыстың қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының азаматтық альянсы» қауымдастығының жаңа төрағасы қызметіне Жандос Базартай тағайындалды. Жандос Нұртайұлы еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2012 жылы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басшысы қызметінде.
26 шілде 2018 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728