11 тамызда Күн тұтылады
Тамыздың 11-де Күн тұтылады. Астрономиялық құбылысты, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары тамашалай алады. «Күннің тұтылуы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 3.31-де минут кеткенде басталады», - дейді астрофизик мамандар.
Осылайша, ай көлеңкесі күннің бетін 23%-ға жауып, бұл шамамен 1 сағат 20 минутқа дейін созылады. Айта кеткен жөн, дәл осындай құбылысты қазақстандықтар.осыдан үш жыл бұрын тамашалаған екен. Андрей Солодовник, астрономия ғылымдарының доценті: - Осы аралықта сәулелердің белсенділігі өте жоғары болады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармау керек. Құбылысты арнайы құрылғының, не болмаса қоңыр әйнектің көмегімен тамашалау керек. Өйтпеген жағдайда көз жанарын зақымдап алуға болады.