Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
8 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге күшейеді, кей жерлерінде түнде тұман түседі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын болады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.
Атырау облысының кей жерлерінде, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.