» » » Бақтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының директоры болып тағайындалды

Бақтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының директоры болып тағайындалды

Қазақ боксының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалғанын Артаев растады. «Astana Arlans» бокс клубының директоры директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», - деп хабарлады Артаев телефон арқылы. Айта кетсек, Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында өмір есігін ашқан. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

07 ақпан 2018 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930