Жастар ауылға

Еңбек лагері белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, ел жандылыққа баулуға, жастардың арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға және болашақ жас мамандарды ауылға қызмет етуге бағытталған.
Жастар еңбек лагерінде қатысушылар ауыл шаруашылық бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Шара соңында жастар арасында түрлі эстафета өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.