Қармақшыда 3 отбасыға баспана кілті табысталды
Мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Мәуліт айының басталуымен «Қармақшы Ата» мешітінде және ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіттердің жамағаты бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді.
Шарада әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3 отбасына 3 тұрғын үйдің кілті табысталды. «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында «Зекет» корпаративтік қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаевтың және «Жосалының 100 жомарты жігіті» акциясы аясында жүзеге асты.
Шара барысында Қармақшы аудандық «Қармақшы Ата» мешітінің Бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы Мәуліт мейрамы жиналғандарды құттықтап, «Көшпелі қайырымдылық керуені» 30 жылдығы аясында 30 отбасына азық-түлік таратты. Шараға қатысушылар «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде болып, жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ қолөнер шеберлеріне кілем сыйға тартты.