» » » Фонограмма шектеледі – заң Президентке жіберілді

Фонограмма шектеледі – заң Президентке жіберілді

   Сенат депутаттары мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы бірнеше бағытты қамтиды. Соның ішінде кітапхана және баспа ісі, мәдени-көпшілік іс-шараларды реттеу және шығармашылық одақтарды қолдау мәселелері бар. Сондай-ақ осы құжатпен фонограмманы қолдануға шектеу енгізу қарастырылған. 
«Концерттік-ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдісі орын алған, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей, фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар фактілер де бар», – дейді Райымқұлова сенаттың пленарлық отырысында.
Осыған байланысты заңнамалық деңгейде орындаушылардың әдепсіз мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттеме енгізіледі. Соның бірі – фонограмманы қолдану туралы алдын ала хабарлау.
«Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдер және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», – деп атап көрсетті Райымқұлова.
24 қазан 2020 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031