» » » Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда қаржы, сақтандыру, ғылыми-техникалық, ақпарат және байланыс саласындағы қызметкерлердің жалақысы жоғары. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңге, +0,1%), ғылыми-техникалық (303,3 мың теңге, -7,3%), ақпарат және байланыс (249,3 мың теңге, +7,4%) саласындағы қызметкерлердің жалақысы жоғары екені анықталды.
Жалақысы көтерілгендердің ішінде орман шаруалары (162 мың теңгеге дейін, +17%) мен құрылысшылар (218,1 мың теңгеге дейін, +15,7%) да бар.
Head Hunter компаниясының маркетинг және PR директоры Динара Рахимжанованың айтуынша, елімізде сауда саласындағы қызметкерлерге деген сұраныс арта береді. Сонымен бірге қаржыгер, бухгалтер, маркетинг, әкімшілік басқару, IT-мамандарына да сұраныс жоғары.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, жұмыс істейтін қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңге болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ке көп. Дегенмен, жалақының сатып алу қабілеті жыл өткен сайын төмендеп барады. Ол: 2017 жылы -2,1%, 2016 жылы -1,1%, 2015 жылы -2,3% құраған.
14 ақпан 2018 ж. 1 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031