» » » 17 жасар қыз Баянның арбауына түсті

17 жасар қыз Баянның арбауына түсті

Таяуда ғана тұсауы кесілген Баян Алагөзованың кезекті жаңа «Сиситай» мюзиклі жарыққа шықты. Бюджеті 400 мың $ тұратын кинода продюссерлік орталықтағы әншілердің көпшілігі ойнаған. Басты рөлді продюсердің өзі сомдаған фильмнің тұсаукесеріне NUR.KZ тілшісі арнайы барып қайтты.
    Фильмде басты рөлде ойнаған Баянның жаңа «жұлдызы» Әйгерім Мергенбайдың жасы он жетіде.
    Жүргенов атындағы колледждің үшінші курс студенті осы уақытқа дейін Баян ұйымдастырған кастингтерге бірнеше рет барғанын айтты.
    «Осы уақытқа дейін барлық кастингтерге барып жүрдім, бірақ мені үнемі қабылдамайтын. Осы жолы мені кастингке өздері шақырды», - дейді Әйгерім.
    Сонымен қатар, Әйгерім болашақта ән жазып, жеке әнші ретінде сахнаға шығу жоспарында бар екенін айтты. Ән айтуды бала кезінен бастап сүйетінін айтқан ол Алагөзова ханыммен кинодан кейін ешқандай келісім-шартқа отырмаған.
    Дегенмен, алдағы уақытта әнші ретінде продюссерлік орталыққа шақырту алса, қарсы болмайтынын да жасырмады.
    Тіпті «Кешью» тобының құрамында ән айту туралы ойланып жүрген көрінеді.
    Айта кетерлігі, Баян Алагөзованың бұл фильмі жарыққа шықпай тұрып, жарнамасымен көпшілікті шулатқан болатын.
06 наурыз 2018 ж. 2 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031