» » » Мектеп формасын шешпестен күйеуге тиген қыз елді шулатты

Мектеп формасын шешпестен күйеуге тиген қыз елді шулатты

   Соңғы қоғыраудан соң, мектеп формасын да шешкізбестен қызды алып қашқан қазақстандықтар елдің ашуын келтірді. Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеода 17-18 жастағы бойжеткенді екі жағынан жетелеп, табалдырықтан оң аяғымен аттатқызуда.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Instagram желісінде тарап кеткен видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені әзірге белгісіз.
«Масқара», «Жас қыз ойламаса да, айналасындағы үлкендер ойланбайды ма?», «Жастықтың буымен табалдырық аттап алып, кейін өкініп отырасың ғой», «Жап-жас қызға обал болды ғой», «Мектеп формасын да шешпестен күйеуге асыққаны несі?», «Байдан өлдің бе? 20 жаста шықсаң да үлгеретін едің ғой», «Әлі бала ғой».
«Өзім де қыз өсіріп отырмын», Қазір қызық көрініп тұрған шығар. Үлкендер бір ауыз ескерту айтса қайтеді?», «Ешкімнің ештеңесі кетпейді. Қиналатын өзің ғой» деді желі қолданушылары.
06 маусым 2018 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031