» » » Қожа Ахмет Яссауидің нақыл сөздері

Қожа Ахмет Яссауидің нақыл сөздері

Кекірейген кердеңдерден қаш.
 Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
  Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.
  1.  Ғаріптерге көңіл бөл.
  2.  Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
  3.  Әмәнда сауап жаса.
  4. Тасжүрекке Құдай назар салмайды.
  5.  Жан пидасыз құр «һу-һу» - бәрі жалған.
  6.  Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
  7.  Халқыңа қызмет ет,    ізгілерге ізет ет,   
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
  1.  Әуейілік, пендешілік – бір жат іс.
  2.  Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
  3.  Не болса да – сабыр қыл.
  4.  Шариғаттың шарты – иман.
  5.  Күнәдан қорық.
  6.  Нәпсің тынса – пейілің кеңір.
  7.  Не көрсең де – Құдіреттің қалауы.
  8.  Қайғы-уайым әр нәрседе абай болуға үйретеді.
  9.  Шын мүсәпірге – тақ пен бақтың өзі зындан.
  10.  Тағат қылмай өңмеңдеуден түк өнбес.
  11.  Құштарлықтың сыры – алуан.
  12.  Алла дерті сатылмайды.
  13.  Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
  14.  Ғашықтық, құштарлық дертіне дауа болмас.
  15.  Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң.
  16.  Сүйсең – хақты сүй.
  17. Нәпсі көп жүгіртіп, хақты ұмыттырады.
  18.  Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым.
  19.  Білгіш болсаң – өзіңе,   ғашық болсаң – өзіңе.
  20.  Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
  21.  Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.
  22.  Жан бермеген махаббат – тұрлаусыз махаббат.
  23.  Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады.
  24.  Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек.
  25.  Нәпсіңді тиғың келсе – қорлыққа да көнуге тура келеді.
  26.  Ниетсіз, құлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
  27.  Көңілің тойсын қанағатқа.
  28.  Жақсыларға қызмет көрсетіп, жақсы атан.
  29.  Ит дүниені қызықтама.
  30.  Бейнеттен қашпа.
  31.  Қызмет еленбей қалмайды.
26 шілде 2018 ж. 3 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031