Тойға барсаң...

  Екі жас шаңырақ көтеріп, отау көтерсе қуанамыз. "Жастар бақытты болсын" деп жылы лебізімізді білдіреміз. Десе де карантин кезінде той өткізгендер көбейді. Бұрын-сонды тойды кейінге қалдырып жүргендер, карантин кезінде үйленуді жөн санады. Тіпті "тиімді тұсы осы" дейтін де көрінеді. Расында мейрамханаға қыруар қаржы жұмсамайды, аста-төк дастарқан болмайды, көп адам шақырылмайды. Бұл тиімді ғой... Ал адам денсаулығы ше? Бұған қалай бей-жай қараймыз?
Карантин кезінде той өткізу әлі де тоқтамай тұр. Қолда бар дерекке сүйенсек, карантинге қарамастан той жасаған 370 дерек анықталған. Бұл рейд барысында тіркелгені. Ал былайынша да той өткізіп жатқандар қаншама?! Бір ауылдың өзінде бір күнде 3-4 тойдың өткенін көрдік. Біз өзі қашан карантин талаптарын қатаң сақтаймыз? Бір жерде көп адам шоғырлануға болмайтынын қашан ескереміз?
Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзу, туыстарын жинау, той жасап, құдайы өткізген азаматтар саны азаяр емес.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап жарияланған карантин шектеулерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік мобильді топтармен оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бүгінгі күнге дейін 679 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде кафе, мейрамханаларда 370 той жасаудың дерегі анықталса, компюьтерлік клубтар, букмекерлік кеңселер тарапынан карантин талаптарын бұзудың 59 дерегі, шаштараз 8, дүкен және базарда 72, демалыс орынында 4, санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген басқа 166 құқық бұзушылық анықталды.
Мәселең,18 қазан күні сағат 18:14 шамасында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны туыстарын жинап құдалық өткізген. Аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен (ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық) әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Шиелі аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Сонымен қатар 16 қазан күні сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны «Бақдаулет» кафесінде той жасаған. Аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен (ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық) әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Қазалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Одан бөлек, 16 қазан күні Қызылорда қаласындағы «Әйгерім» және «Энерджи» компьтерлік клубтарын тексеру кезінде де дәл осындай құқық бұзушылықтар анықталды.
Бүгінгі тойдың мейрамханадан айырмашылығы байқалмайды. Арнайы безендіру жасап, есік алдына мейрамхана үстелдерін әкеліп қояды. Бұл тойдың сәнін кіргізеді. Қала, аудан, ауыл әкімшілігі бұл салтанаттан хабардар болатыны анық. Алдын-ала ескертіп, той жасауға тыйым салса, кәнеки. Келесі той жасағысы келетін отбасыға сабақ болар ма еді?! Әйтпесе кішкентай ауылдың өзінде той жасалса, бүкіл ауыл хабардар болады. Ауыл естіген ақпараттың әкімшіліктің құлағына жетпеуі мүмкін емес. Аудан да, қалада да осы жағдай. Қазіргі таңда тойға бармау, көп адам бар жерде жүрмеу өз қауіпсіздігіміз үшін тиімді болмақ.
Мөлдір САБЫРЖАН
22 қазан 2020 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031