Үй мен күй

Батыс әлеуметтанушыларының жазуынша, үйсіз-күйсіз, кәдімгі далаға түнеуші, жаргон тіліндегі бомждар мемлекеттің халықтың баспана мұқтаждығын мүлдем ескермеуіне жағдай туғызған. Өйткені адамның қартайғанша өз үйі болмай, жалға алынған пәтерде өмірінің өтіп кетуінің қалыпты өмір салтына айналғаны сондай, ең бастысы, сен көшеде қаңғып жүрген жоқсың ғой. Пәтерде тұрасың. Ол кімнің пәтері, оған ай сайын қанша ақша шығындайсың, оған ешкім бас қатырмайды. Бұл – бір. Екіншіден, көшедегі кір-қожалақ, күлімсі иіс мүңкіген адам шошырлық міскіндердің жанынан өтіп бара жатып, Құдайға шүкір, күнім бұдан жақсырақ деп кез келген жағдайда бейсаналық тұрғыда тәубе жасалады. Әрине, біздің Қызылорда сияқты шағын қалада бомж адамдар некен-саяқ болуы мүмкін, ал Алматы сынды алып мегаполисте олар жиі ұшырасады. Олардың бәрі – бір-бір тағдыр. Ол бөлек әңгіме.
Үй алуға әлденеше рет оқталып, құжаттарды қанша реттесем де жолым болмай-ақ қойды. Осыдан 10-15 жыл бұрын кезекте тұрғандар екен қазір пәтерлі болып жатқандардың көбі, сондықтан күні кеше кезекке тұрған менікі де асығыстық шығар. Дегенмен, бірде бар, бірде жоқ тіршілік үй үшін ақша жинауға мұрсат бермей-ақ қойды. Тиіп-қашып, азды-көпті жинаған теңге арман болған үш бөлме тұрмақ, бір бөлмелісіне де жетпейді. Ақша жинамасаң да үй сатып алу үшін ақша береміз деген жарнаманың ізімен барған банктердің бірі сатып алғың келетін үйдің бағасымен бір деңгейлес үйді кепілге қою керек деп отыр және ол үй қыштан тұрғызылу керек. Қам кесекпен салынған кешегі үйлерде тұрып жатқан ағайында мұндай үй де жоқ, әрі бар болғанның өзінде кім кепілге үйін бере қояр дейсіз. Былай тартса, өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының кері. Мәселен, үйелмелі-сүйелмелі бес баламды – өсіп келе жатқан ұл-қыздарымды ескеріп, үш бөлмелі пәтер алғым келеді, оның біздің облыстағы нарықтағы құны орта есеппен 12 миллион теңге тұрады десем, кем дегенде жиырма пайызы – 2 миллион 400 мың теңге есепшотымда болуға тиіс. Ай сайынғы табатын алпыс мың теңгенің айналасындағы ақшамен миллиондап ақша жинауға шамам жетпейтінін айтпаса да түсінікті. Егер шынымен Елбасының жақында жарияланған Жолдауындағыдай қоғамның әлсіз топтары үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы артып, мемлекет жеңілдікпен, субсидиямен үй алуға жәрдемдессе жақсы болар еді. Әрине, тегін үй бер демейміз, бірақ пәтерге ақы төлегеннен гөрі кейін өзіңе қалатын үй үшін ай сайын ақы төлеген әлдеқайда жеңілірек емес пе?!
                                                                           Ыдырыс Кәкім,
                                                                           Қызылорда қаласы
 
25 қазан 2018 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031