Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақылдар өндіруші-серіктестерді іздеуде

Дәл осындай нақты мақсатпен неміс компаниясының өкілдері Астанада өтетін Қазақстанның «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысуға ниетті. Германдық мамандардың айтуынша, нарықтық қатынастар жағдайында өзіндік құны төмен және тиімді бағамен гектардан жоғары қайтарым беретін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру өте маңызды. Бұл ретте олар жоғары рентабельділікті қамтамасыз етуі тиіс, ал экономикалық дағдарыс жағдайында – әлемдік нарықта неғұрлым жоғары баға бойынша экспорттық өнім ретінде сұранысқа ие болуы тиіс. Германиялық кәсіпкерлердің пікірі бойынша мұндай дақылға арыш жатады. Шикізат ретінде шет елдерде арыш майына сұраныс зор.
«Қазақстандық серіктестер тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда біз май мен шроттың 100% - ын өткізуге кепілдік береміз», - дейді Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig (Германия) компаниясының өкілдері .