» » » Көрікті жер көп, турист жоқ

Көрікті жер көп, турист жоқ

2016 жылғы дерек бойынша Парижге 82,6 млн. турист саяхаттап, ел қазынасына 43 млрд. доллар пайда әкелген. Ал азулы АҚШ еліне 75,6 млн. турист келіп, 206 млрд. доллар көлемінде түсім түсірген. Одан кейінҚытай, Ұлыбритания, Германия, Мексика, Тайланд, Малайзия елдері де туристердің қызығушылығын оятып, кәсіп етуде. Осылайша дамыған елдерді үлгі ете отырып, туризм саласын неге дамытпасқа? Ол үшін Үкімет 58 елге визасыз режим орнатып, туристер келуіне жағдай жасады. Қытай туристері үшін енгізілген 72 сағаттық визасыз режим де тиімділігін көрсетуде. Мысалы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 4,5 мың қытайлық келіп, еліміздің экономикасына әрқайсысы 250-300 доллардан қалдырды» дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Сонымен қатар Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін келешегі бар табыс көздерінің бірі болып саналады» деп шегелеп айтты.
Туризмді дамыту арқылы ел экономикасын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Өйткені еліміз туристік ел атануға мүмкіндігі бар мемлекеттер қатарында. Оған дәлел – көгілдір тауларымыз бен жайқалған жасыл құрақты өңірлеріміз, тарихи құнды деректеріміз.
Шикізатқа да баймыз. Бірақ шикізатты өндіре беру келешек қамы үшін қауіпті. Енді қайтпек керек? Шикізаты жоқ, бірақ туризм саласымен ғана байып, ел экономикасын алға жылжытып отырған өркениетті елдердің озық тәжірибесін енгізу қажет.
         Қазақстанның қай өңірін алсаңыз да – сұлу.  Әлем туристерін баурап алатын көрікті жерлеріміз көп-ақ. Бірақ еліміздегі туризм саласы неге осал? Біріншіден, жолдың сапасы сын көтермейді. Екіншіден, туристерге қызмет көрсету ісі яғни, сервис дұрыс жолға қойылмаған. Ұлттық туризмді насихаттайтын бірнеше тілді меңгерген мамандар жоқтың қасы. Туризмнен еселеп табыс тапқан елдердей 5 жұлдызды қонақ үй салып, туристерді шақырамыз деу бос әурешілік. Себебі, шетелдіктерге керегі – ұлттық ерекшелік, ұлттық бренд. Мәселен, бүркітші қызымыз Айшолпанның өнерін көру үшін Баян-Өлгейге әлемнің 31 елінен туристер ағылған. Өйткені мұндай өнерді бұрын-соңды көрмегендер үшін бұл таңсық дүние. Сол сияқты бізге де ұлттық өнерімізді, құндылықтарымызды танытатын бастамалар керек.
Мысалы, елімізге сырттан турист келді делік. Оны без жұлдызды қонақ үйден гөрі қазақы оюлармен өрнектелген киіз үйде қарсы алып, алдына қазы-қарта, құрт-май, қымыз-шұбат секілді ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымызды алдына тартсақ, керемет емес пе? Одан қалды құсбегілік, саятшылық өнерді тамашалатып, аң аулатсақ міне, шетелдік турист үшін демалыс деген осы! Біздің басты кемшілігіміз – өзіміздің қолда тұрған ұлттық құндылығымызды дәріптей алмауымызда. Жарыса тойхана салғанша, осындай демалыс орнын ашсақ, ұлттық құндылықтарымыз қайта жанданар еді.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
01 ақпан 2018 ж. 1 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031