» » » Қызылордада 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

Қызылордада 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

 
Облыста «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 276 жоба жүзеге асырылуда. Жұмысқа 8891 адам тартылған. Жобалар аяқталғаннан кейін 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттедік. Жоба жүзеге асқанда тұрақты жұмыс орнын ашуды да шартқа енгіздік. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтылуына тікелей бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 1515 адамға техникалық және кәсіптік білім беріледі. 1 мың адам қайта оқуға жолдануда», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.
Ал «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2272 адам жолданды. Оның 1400-і оқуды аяқтап, сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 549 адам шағын несие алды
19 қыркүйек 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031