Қазір орта жастағылар тыңдайтын ән жоқ
Балтабай НҰРЖАНОВ: композитор, күйші:
Балтабай Нұржанов Сыр бойының музыкалық мұрасын, оның ішінде күй жанрын зерттеумен айналысқан. Қажырлы еңбек, тынымсыз ізденісінің арқасында Сыр бойы күйлерінің хрестоматиясын құрастырып, күйлерінің ноталық жазбасын топтастырып, бірнеше жинақ шығарған. Сыр бойы күйлері “Сыр сазы”, “Әлшекей”, “Құрақтың Досжаны”, “Сырдың сырлы саздары“, “Домбыра ойнау өнерін дамытудағы этюдтер”, “Домбыраға арналған хрестоматия”, «Қорқыт сарыны» компакт дискіге түскен. Ол 60 күйдің, 40 әннің авторы.
– Сіз сазгер, ақын ғана емес әдебиетті сүйетіндердің қатарындасыз. Сіздің әндеріңіздің әсерлі болуы ең алдымен сіздің әдебиетпен сусындағаныңыздың әсері болар?
– Әннің сұлу болмағы оның мәтінінен деп ойлаймын. Менің мамандығым – мұғалім. Дегенмен, филология саласына бір табан жақын өстім. Сөздің қадірін ұғып, пайымына барған соң, әндерім де солай туды. Сондықтан ән жазатындар, ең алдымен, сөздің парқын білсе деймін.
– Бүгінде есер ән есімізді алып жатқан кезде сіз біраз күй жаздыңыз?
– Ән мен күй – халық мұрасы, тарих шежіресі. Біз күйдің үнінен, сарынынан қазақ халқының өмірін, тұрмысын, салт-санасын, табиғат құбылысын, қайғысы мен шаттығын айқын сезінеміз. Міне, осыны дәулескер күйшілер домбыра пернесінде қалдырып отырды. Мен ән жазып ғана қоймай, Сыр елінің музыкалық мұрасын, оның ішінде күй жанрын көп зерттедім. Әр күйшінің өзіне тән ерекшелігі бар. Туындыларымда күй әуенінің мәнері де, үні де ерекшеленіп ойналады. Күй көбіне басынан аяғына дейін бір ырғақпен беріледі. Күй сарынынан толғау, арнау, сағыныш, жоқтау, терме, жыр, әзіл және басқа да дәстүр дестелерінің иірімі білінеді. Күйдің көпшілігі Сыр бойының күйшілік мектебінің үлгісінде жазылған. Шал Мырза, Құрақтың Досжаны, Әлшекей қағыстары шалыс, ерке, ілме, бүкпе қағыс кездеседі.
– Білуімізше, ең алғашқы күй жинағыңыз «Ой толғанысы» деп аталады. Сыры неде?
– Рас айтасыз. Кітаптың солай аталуының өзі тегін емес. Күй әуенінде Сырдың сыр талымен, қызыл миясымен сырласқандай мұңды саз, ойлы саз, ой мен ой тоғысып, тілдесіп жатқандай әуен естіледі. Жинағымдағы күйдің барлығы толғаныспен орындалатындықтан «Ой толғанысы» деп атадым.
– Сөз басында мамандығым ұстаз деп айттыңыз. Шәкірт тәрбиелеуде нені басшылыққа аласыз?
– Ең алғаш қаладағы музыка мектебінде шәкірттерге домбырадан дәріс берудім. Сонымен бірге №140, 212, 10 орта мектепте де ұстаздық еттім. Облысымызға танымал «Жауқазын", "Айгөлек" атты ән-би ансамблін құрып, бірнеше жыл басшылық еттім. Жалпы, адам баласы өмірге келгенде не аламын деп емес, “болашақ жас ұрпаққа не қалдырамын, не үйретемін және қандай жақсы игі амалдарды бойына сіңірте аламын” деп өзіне талап қоя білген жөн. Мен болашақ жас ұрпаққа не үйреттім, қандай бағыт бердім, уақыт еншісінде. Бірақ шүкіршілік етемін, сабақ берген студенттерім жолығып, еңбегімді елеп-ескеріп жатады. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу қиын. Ал сол шәкірттерің ұстаз тілін алып, тәртіпке бағынып, биікке көтерілсе, міне, сол – бақыт.
– Көпшілік көңілінен шыққан «Шалқиды Арал» күй-поэмасы қалай пайда болды?
– Бұл туындым өте күрделі. Күйсандыққа қосылып орындалатын арманшыл, оптимистік, философиялық дүние. Арал халқының бастан өткерген қиындығын айтып тауысу мүмкін емес. Олардың еңсесін көтерейін деген мақсатта осы күйді арнадым. Күйдің бас буынында теңіз толқып, буырқанып, жағаға шапшып жатқандай әсер береді. Аңсау, сағыныш та сезіледі. Тремоламен орындалатын орта буындағы саз үні Арал мұңын еселегендей әсер береді. Нұртуған ақынның «Кәнеки, тілім, сөйлеші» жыры әсерінен туған күй Арал халқына сәлем бергендей мақамда басталады да, шаттық ауанда қайтадан бас буынға ауысып, қуаныш сезімін сыйлайды. Мұнда теңіз толқып, күй шапшаң екпінмен, тез қағыспен орындалады.
– Бүгінде көріп жүргеніңіздей, өнерде ұрлық көбейді. Мұнымен қалай күресу қажет?
– Оны тыю үшін көршілес Өзбекстан мемлекетінің заңын қолдану кажет. Онда әншілер лицензия алады. Яғни, орындайтын әнінің қазақтан, қырғыздан ұрланбағанын дәлелдейді. Екіншіден, ол әннің тәрбиелік мағынасы болу шарт. Үшіншіден, ән өзбек ұлтының болмысын айшықтауға тиіс. Міне, көршілеріміз осылайша ән құдіретімен ұлттық тәрбиені ұштастыра білді. Өйткені, жасөспірімнің барлығы дерлік әнге, әуезге құмар келеді. Оларды қинап, тәрбиелік мәні бар дүниелерді жаттата алмайсың. Сондықтан әндерімізді рухты, тәрбиелі сөзбен жеткізсек, діттеген мақсатымызға жеткеніміз.
– Қазіргі қазақ өнерінің дамуына деген көзқарасыңыз?
– Тәуелсіздік алғалы еліміздің қай саласы болмасын қарыштап дамуда. Оның ішінде өнер, мәдениет саласы қаржы табудың көзіне айналған. Оған дәлел – екі әншінің бірі студия ашқан. Біреудің нанын қызғанбайсың, тек сапалы, ойға қонымды, әуезді әндер жазылса деген ниет. Қазіргі өлеңді тыңдасыңыз, күйдім-сүйдіммен ғана шектеледі. Мұндай өлең айтатын әншілердің аудиториясы жастар. Ал орта жастағылар тыңдайтын ән мүлде жоқ. Біздің жас кезімізде Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев секілді санаулы сазгер болатын. Олар адам тыңдайтын әндер жазды. Бір-бірінен ұрламады. Бар-жоғы жеті нотадан құралған соң кей әнде сәл ұқсастық болуы мүмкін. Соның өзінде сазгер ағаларымыз өз қолтаңбасымен, болмысымен жүректен шыққан туындыларын халыққа бере білді. Лаки Кесоглу бір сөзінде «Қазіргі жастар өте бақытты. Біз баяғыда оркестрмен бірнеше мәрте репетиция жасап, ритмге түсіп, әннің образын ашып, комиссияның алдынан өтетінбіз. Ал бүгінгі буын бір күнде жұлдыз болып шыға келеді» деген. Бұл сөздің астарында түйсінген адамға үлкен зіл бар. Жастар компьютер мүмкіндігін пайдаланып, бір күнде жұлдызға айналуда. Бұл қазақ өнерінің дамуын кенжелетіп, нағыз таланттың танылуына кері әсер етеді.
– Биыл Қызылорда қаласына – 200 жыл. Өз елін сүйетін перзент ретінде қандай қолтаңба қалдырасыз?
–1925-1929 жылдары Қызылорда Қазақ елінің астанасы атанды. Ол кезде Перовск, кешегі Ақмешіт, ал бүгінде Қызылорда – екі жүз жылдық тарихы бар бұл қаланың әсемдігін әнге қоспаған жан жоқ шығар. Дегенмен мен де туған жерімнің мерейтойына арнап «Қырмызы Қызылорда» атты әнімді сыйға тарқым келеді. Қабыл алыңыздар!
– Сұқбатыңызға рақмет.
Сұқбаттасқан: Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
Қырмызы Қызылорда
Сөзі мен әні Б.Нұржановтікі
Қызылорда алғашқы астана,
Тұранның төрінде бас қала.
Әсем ән төгілді көгіңде,
Арналған өзіңе ән қала.
Қайырмасы:
Шырқалған әні бар,
Ақмаржан дәні бар.
Қара алтын қойнауы,
Ырысты елім бар
Сыр елі, жыр елі – Қызылорда.
Тарихпен ғасырлар жалғасқан,
Бабалар елі бұл жыр дастан.
Жастары жалынды, қайратты
Біліммен сусындап қыр асқан.
Қайырмасы:
Көркіне көз тойған,
Көңілге нұр құйған
Тамыры тереңде,
Тарихы кененде,
Жасай бер, жайнай бер, Қызылорда!
Қайырмасы:
Арайлы шаттығым, мекенім
Алаштың анасы – Сыр елім.
Гүлденіп өсе бер, өркенде,
Сарқылмай Сыр – Ана өзенім.
Қайырмасы:
Шырқалған әні бар,
Ақмаржан дәні бар.
Қара алтын қойнауы,
Ырысты елім бар.
Көркіне көз тойған,
Көңілге нұр құйған.