» » » Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы  «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты: Онлайн осыншама қосылуды неге көтермейді?

Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы  «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты: Онлайн осыншама қосылуды неге көтермейді?

  – Онлайн сабақ үшін қандай құрылғылар және қандай программа қажет?
-Коронавирус (Covid 19) инфекциясының таралуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап «Болашақ» университетінде ОҚУ ҮДЕРІСІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ арқылы ұйымдастырылуда. Қашықтықтан оқыту технологиясы университетте негізінен Platonus жүйесі негізінде жүргізіледі. Ол жүйенің қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған «Задание» модулі және онлайн чат арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар және білім алушылар Platonus жүйесінен бөлек Zoom, Skype, Telegram, WhatsApp, VK, Facebook  ақпараттық ресурстар және мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда7
– Шетел тәжірибесі не дейді?
-Жалпы, бұл технология арқылы ұйымдастыру әлемдік тәжірибелердің ішіндегі көптеп қолданатындарын ескере отырып жүргізілуде.
– Онлайн түрде білім аламын деген білімгер бірінші мұғалімді алдайды, екінші өзің алдайды. Барып, мұғалімнің аузынан дәріс естіп қайтқанға не жетсін?!
-Ондайға келіспеймін. Бұл заман талабы. Қоғамда індет болып жатыр деп отырмай, заманауи технологиялар көмегімен оқу үдерісін ұйымдастырылуы – еліміздің осындай ақпараттандыру процесін пайдалану, ІТ құзыреттілігінің жоқ емес екендігін көрсетуде. Әрине, басында көптеген мәселелер туындады, бірақ, «сын сағатта» барлығы өз шешімін дер кезінде тауып отыруда деп айта аламын. Кейбір қашықтықтан оқытуға болмайтын пәндерді жазғы уақытқа ауыстырып, академиялық күнтізбеге өзгерістер енгіздік және кейбір іс-тәжібирелер бойынша кредиттерді келесі оқу жылына ауыстырып отырмыз. Бұл өз кезегінде жаппай қашықтықтан оқыту емес, салаларға талдау жасай отырып, тиісті сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру болып табылады.

– Мұғалімдер " біз «қашықТЫҚтан оқыту» деп қате айтылып жүрген сөзден арылуымыз керек. Қазақта қашықтықтан деген сөз болмаған, қашықтан деген жөн"- дейді. Сіздің ойыңыз?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген  (ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 259 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бар. Бұл қашықтықтан оқыту деп белгіленген. «Дистанционный» сөзі «қашықтықтан» деп аударылады және сол дұрыс деп ойлаймын. Негізі қай сала болмасын, түрлі пікірлер кездесетіні мәлім, дегенмен, ресми бекітілген құжаттарға сүйене отырып пайдаланған жөн деп ойлаймын.
– Еліміздегі төтенше жағдай кезінде мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов «Сынақ сабақтар кезінде басқаша мәселелерді көрдік. Онлайн осыншама қосылуды көтермейді, соған байланысты көп ыңғайсыздықтар болды. Оған көзіміз жетіп отыр. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады» деп еді. Сіздерде осы секілді проблемалар болып жатқан жоқ па?
Жалпы елімізде жоғары оқу орындарының білім алушыларының саны мектеп оқушыларына қарағанда әлдеқайда аз. Интернет, техникалық ақаулар кей жерлерде кездесетіні мәлім, онлайн режимге уақытылы шыға алмай қалғандар үшін Платонус жүйесінде барлық контенттер, youtube жүйелерінде видеодәрістер толық салынып, әрбір білім алушылар назарына жеткізіліп отыр. Жоғары оқу орындарында жалпы қашықтықтан оқыту технологиясы бұрыннан жүргізілуде. Яғни, қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы бұған дейін орта арнаулы білімнен кейін және екінші жоғары білім алушылар үшін оқу үдерісі ұйымдастырылып келсе, қазіргі жағдайда күндізгі оқитын білім алушылар үшін қосымша ұйымдастырылуда. Сондықтан, бұл сала бойынша жоғары оқу орындарында, оның ішінде «Болашақ» университетінде қашықтықтан оқыту бойынша аса айтарлық мәселелер жоқ.
– Әлеуметтік желілерде және ата-аналарға кеп жатқан мәліметтерге қарағанда, студенттер мен оқушыларға тапсырмалар WhatsApp арқылы келіп жатыр.Кейбір ата-ана жаңа форматта оқыту мүмкін емесдігін айтып жатыр. Сіздің жеке ойыңыз?
         Бұл жағдайда ең бірінші аса сабырлықпен, шыдамдылықпен қарау қажет. Көп жағдайда бірден келесі нәрсеге көшіп кету оңайға түспейтіні мәлім. Дегенмен, жаңа форматта оқыту мүмкін, ең бастысы, талап пен жауапкершілік және шыдамдылық қажет. Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов мырзаның тікелей қадағалауымен, әрбір мәселені жеке талқылап, оның шешу жолдарын өзінің бастамасымен жүргізуінің арқасында көптеген «болмайды» деген жұмыстар қарқынды және өте жедел түрде жүргізіліп келеді. Телевизиялық каналдар, түрлі платформалар, түрлі бағдарламалық кешендер арқылы ұйымдастыру еліміздің бұл саладағы жағдайда төтеп бере алатындығының айғағы.

– Студенттерді онлайн дәріс алу жүйесіне көшіру сапалы білім беру жауапкершілігін қаншалықты арттырады?
         Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда ең алдымен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытады деп нық айта аламын. Себебі, жеке отырып берілген тапсырмаларды орындап, оның шешімін табуда өзіндік шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттері артады. Бұны қазіргі бір ай көлемінде жүргізіліп жатқан әрбір білім алушымен жасалынып жатқан жұмыстар барысында көрудеміз.
– Бұлардың бәрі әрине, нақты білім берудің алгоритмдері. Ал, қашықтықтан дәріс беруде зертханалық, тәжірибелік жұмыстар қалай атқарылмақ?
         Зертханалық және тәжірибелік жұмыстарда бейне-конференциялық байланыстар арқылы жүргізілуде онлайн режимде. Тіпті қазіргі таңда университет магистранттарының диссертацияларын алдын ала қорғау да осындай режимде жүргізілуде. Сонымен қатар, тәжірибелік жұмыстарды әрбір білім алушы оффлайн режимде де видеоға түсіріп, әрбір профессор-оқытушылармен де тікелей жұмыс жасауда. Сонымен қатар, университеттің YouTube жүйеде «Болашақ университеті» каналы арқылы да көптеген практикалық және зертханалық сабақтар салынып отыр.
– Бейне-дәрістер өткізу үшін оқытушылар қандай технологияларды қолданады?
«Болашақ» университетінің өзіндік журналистикалық «Болашақ TV» студиясы бар. Сол жерде профессор-оқытушылар бейнедәрістер түсіріп, видеоконтент ретінде білім алушыларға жіберіледі және  YouTube жүйесінің «Болашақ университеті» каналына салынуда.  Сонымен қатар, Күнделікті кешкі сағат 21.00-22.00 аралығында аптасына 5 күн «Қоғам ТВ» қалалық телеарнасынан «Болашақ сабақтары» айдары (университет профессор-оқытушыларының дәрістері) жүргізілуде.
Мемлекетімізде болып жатқан төтенше жағдайды студенттеріміз жақсы түсінуде. Ендігі біздің айтарымыз, жастарымыз өз өмірі үшін және жақындарының амандығы үшін үйден шықпай, өзін сақтап, қоғамға өз үлесін осылай қосса дейміз.
Студенттеріміз өз болашағы үшін онлайн сабақтан қалмай, білімдерін одан әрі шыңдап, бәсекеге қабілетті маман болуы үшін талпынса, кез келген еңбек өз нәтижесін берері аян. Үйде болайық, денсаулығымызды сақтайық, бос уақытымызда отбасымызға көңіл бөліп, көжиегімізді одан әрі кеңейту үшін кітап оқып, басқада өз қабілетімізді шыңдайық. Кез келген сәт сынақ үшін беріледі ғой. Біз сол жағдайлардан өзімізге тиімді нұсқасын ала білуіміз қажет.
Сұқбатыңызға рақмет!

16 сәуір 2020 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031