» Оқушылар ІІ тоқсанда дәстүрлі оқуға көше ме?

Оқушылар ІІ тоқсанда дәстүрлі оқуға көше ме?

Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұмановтың айтуынша, індет саябырлаған жағдайда бастауыш сынып оқушылары дәстүрлі түрде оқитын болады. Яғни науқастар саны тұрақты түрде азайған уақытта ғана санитарлық шаралар қатаң сақтала отырып, оқуды мектепке көшіру кезең-кезеңімен орындала бастайды.
Дәстүрлі оқуға алдымен 1-4 сынып оқушылары, ал кейіннен 5-11 сынып оқушылары көшіріледі.
Мұндай шешім Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе отырып қабылданған. Себебі департаменттің талдау нәтижесі кезекші сыныптарда оқитындар арасында коронавирус жұқтырғандар болмағанын көрсетті.   
---
09 қазан 2020 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930