» » » "7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз": Министрлік ел арасында тараған сыбысқа жауап берді

"7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз": Министрлік ел арасында тараған сыбысқа жауап берді

   "7 қыркүйектен бастап мектепке ораламыз": Министрлік ел арасында тараған сыбысқа жауап берді. Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігіне шығып, дәстүрлі білім беру форматына оралуға рұқсат беруін сұрап, бірнеше рет сауал жолдаған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі "7 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары дәстүрлі білім беру форматына оралады" деп желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады zakon.kz. - Мұндай шешімді бас санитарлық дәрігер қабылдайды, соны дұрыс түсінейік. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары мектепте - кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алуда. Сол секілді Денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақты мектеп оқушыларына дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік берді. Ал 7 қыркүйектен бастап балалар мектепке оралады деген, әзірге әңгіме жоқ. Санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуге болатындығы туралы хабарлағаннан кейін, біз бұл процесті қолға аламыз. Мектеп әкімшілігі бұл ретте тиісті кесте жасайды. Ондай жағдайда біз барлық ақпаратты балалар мен ата-аналарға алдын ала хабарлайтын боламыз, - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. Ол Білім және ғылым министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігіне шығып, дәстүрлі білім беру форматына оралуға рұқсат беруін сұрап, бірнеше рет сауал жолдағанын, бірақ әлі рұқсат алмағандарын да атап өтті. - Әзірге, тек сөз етілген форматта оқуға рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрлігі қашан осындай шешім қабылдайды, сол кезде баршаны одан хабардар етеміз, - деді Омарбек.
ERNUR.KZ
07 қыркүйек 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031