» САПАҒА МӘН БЕРСЕК ЕКЕН

САПАҒА МӘН БЕРСЕК ЕКЕН


Құрылыстың Сыр өңірінде де дамығаны айтпаса да түсінікті. Елбасының «Қазақстанның ширек ғасырдағы жүріп өткен жолын тек Қызылорда облысының өзінен көруге болады» деген сөзін бәріміз білеміз. Сыр өңірінде өткен жылы 48 нысанның құрылысы жүргізіліп, 25 нысан пайдалануға берілді. Қалған 23 нысан 2017 жылы аяқталады. Нақты айтқанда, білім беру саласы бойынша 22 нысан, денсаулық сақтау саласы бойынша 14 нысан, мәдениет саласы бойынша 3 нысанның құрылысы жүргізіліп ел игілігіне берілді. Бірақ сапа қандай? Былтыр пайдалануға берілген балалар ауруханасында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жүр. Анықтай келе демалыс күндердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пульмонология бөліміндегі палатаның төбесі түсті деген хабарды білдік. Абырой болғанда ана мен бала дін аман. Куәгерлердің айтуынша, кешке таман көрші палатада тарсылдаған дыбыс шыққан. Барлығы жапа-тармағай жүгіріп, оқиға жанынан табылған.
– Барсақ, төбедегі сылақ опырылып бір әйелдің басына түскен. Құдай сақтағанда бес айлық баласы аман. Дереу дәрігерлер келіп, зардап шеккен келіншекті басқа жаққа алып кетті. Біз қорқып ауруханадан шығып кеттік,- дейді ауруханадағы келіншектің бірі.
Ана мен бала өміріне қауіп төнді ме деген алаңдаушылық болды. Осылайша су жаңа аурухананың қызметкерлерімен тілдестік, олар болған жайтты растады.
– Келіншек төсек астынан баласының заттарын алайын деп еңкейген кезде төбедегі сылақ опырылып мойнына түскен. Абырой болғанда баласы дін аман. Зардап шегушіні дереу толық тексеруден өткіздік, ауыр жарақат алмапты. Қазір біз бесінші қабаттағы осындай төбесінің сылағы түскелі тұрған үш палатаны анықтап, есіктеріне құлып салып қойдық. Аурухана басшығылы құрылыс компаниясының өкілдерін шақырып жөндеу жұмыстарымен келісіп жатыр, - деді пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Төлебекқызы.
 Нақтырат айтсақ, былтыр 200 орындық балалар ауруханасы пайдалануға берілген. Оның құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 орындық жансақтау бөлімшесі, анестезия және консультативтік-диагностикалық бөлімше жұмыс істейді. Аурухана заманауи озық медициналық құралдармен жабдықталған.
Болған жайға дабыра көтерудің еш мәні жоқ. Ана да бала да дін аман. Олқылықтың орны толады. Кінәлілер анықталады. Біарақ, сан емес, сапаға жұмыс істейтін кез келді. Өйткені еліміздің басты байлығы – адам, ал ана мен бала – болашақтың капиталы.
Мөлдір САБЫРЖАН

---
21 желтоқсан 2017 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031