» » ҮШ АУДАНДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

ҮШ АУДАНДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

Сырдария ауданында 10 арендалық үйдің кілті табысталды, ал Жалағаш және Қармақшы аудандарында жол бойы сервистік кешендер жұмысын бастады.
Сырдария ауданының орталығы Теренөзек кентінде аз қамтылған отбасылар үшін 10 арендалық үй пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кент тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және қоныс тойларымен құттықтап, баспананың  кілтін табыстады.
«Бүгін ең үлкен мереке. Әлемде қаншама халық бар мемлекеті, жері жоқ.. Елбасымыздың  сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, қазақстандықтар болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Әсіресе, Сыр өңірін әрқашан қолдап келгені үшін мың алғыс айтамыз. Қызылордалықтар, өз кезегінде, Ұлт көшбасшының сенімін ақтай білді деп айта аламын. Кез келген аймақтың дамуының айқын көрінісі – құрылыс жұмыстарының көлемі. Қызылорда облысында 5 жыл ішінде  3,5 есе, ал облыс орталында 8 есе өсті. Сырдария   ауданында келесі жылы 84 пәтер салынатын болады. Теренөзек кентінде үй кезегінде 350 адам тұрса, 2018 жылы олардың саны үштен бір бөлікке азаймақ», - деп атап өтті Қ.Көшербаев.
Жалағаш ауданында облыс әкімі кәсіпкер Болат Ұзақовтың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында салынған «С» санаттағы сервистік кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынды, құрамында дәмхана, сауда павильоны және қонақ үйі бар. Сондай-ақ, кешен аумағында 12 жеңіл автокөлік, 2 автобус және 7 жүк көліктері қарастырылған. Нысан толық пайдалануға берілген соң мұнда 25 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Осындай кешен қараша айында Қармақшы ауданында да жұмысын бастады. Жол бойы кешенінің иесі Али Рагибов аймақ басшысын нысан жұмысымен таныстырды. 2017 жылы өңірде барлығы 36 сервистік кешен салынып, 1000 астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, облыс әкімі аудандарға жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданының Таң ауылдық округіндегі «Таң бөбегі» балабақшасының жұмысымен танысты. 120 орындық балабақша «Таң ЛТД» ЖШС қаражатының есебіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды. Кәсіпорын бұрынғы балабақшаның ескі ғимаратында күрделі жөндеу өткізіп, іске қосты. Балабақшада 22 адам жұмыс істейді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы аудандарда қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, елді мекендердің өзекті мәселелерін талқылады және түрлі сала озаттарын алғыс хаттармен марапаттады.
19 желтоқсан 2017 ж. 1 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728