» Шу станциясында сұмдық жағдай болды (видео)

Шу станциясында сұмдық жағдай болды (видео)

 Мынау сұмдық қой! Мына адам қалай бостандықта жүр?
Қанды оқиға: Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагер әйелдің басын кесіп алған.
Жамбыл облысындағы жантүршігерлік оқиға!
Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адам саудагер келіншектің басын кесіп алған.
Дегенмен, полицейлер оқиғаның анық-қанығын ашып айтпай отыр. Ал қанды қылмыстың өзі Шу станциясында болған.
Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген.
Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті.
Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған. Ал, қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты.
Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер. Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар.
Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.
Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
— Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/DQ-qSa88ntw


---
06 маусым 2018 ж. 5 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031