» » Үш адам әжетханаға түсіп кеткен телефонын алып шығамын деп мерт болды

Үш адам әжетханаға түсіп кеткен телефонын алып шығамын деп мерт болды

 Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Оқиға 2018 жылдың 26 наурызда, сағат 00:15-те болған. "Новости Узбекистана" порталының мәліметі бойынша, 32 жастағы ер адам ауладағы дәретханаға iPhone телефонын түсіріп алған. Ол телефонды алып шықпақ болып, көмекке көршісі мен әкесін шақырған. Ер адам шұңқырға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамды алып шығу үшін көршісі мен әкесі де шұңқырға түскен. Екі адам сол жерде мерт болды.  Шақырту бойынша келген Наманган облысының ТЖБ тобы ер адам мен көршісінің денесін алып шықты. Ал әкесі ауруханаға жатқызылды. Көрсетілген көмекке қарамастан, ол да есін жимастан қайтыс болды.  
Оқиғаға байланысты Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігі: "Құрметті азаматтар! Ұқсас жағдай туындаған жағдайда өздігінше құтқару жұмыстарын жүргізбей, ТЖМ көмегіне жүгініңіздер", - деген мәтіндегі хабарлама таратты.
27 наурыз 2018 ж. 1 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031