» Жас шахматшылар жарысы

Жас шахматшылар жарысы

Жастар жылына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шахмат ойынына қатысушылар көп болды.
Оған Қызылорда қаласы мен Сырдария, Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы аудандарынан жас шахматшылар қатысты. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Ұлдар мен қыздар арасында 4 жас ерекшелігі бойынша 18 жүлде сарапқа салынды.
Нәтижесінде бірінші орынды Қызылорда қаласы командалық есепте жеңіс тұғырынан көрініп, 10 медальға ие болды. Оның 5-і Қорқыт Ата оқу орталығына, қалғаны «Мұрагер», «Мерей» мектептерінің оқушыларына тиесілі. Екінші орынды Сырдария, үшінші орынды Арал аудандары иеленді. Жеңімпаздар түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды. Балалармен бірге ата-аналар да қуанып, осындай шараның дәстүрге айналдырса деген тілектерін жеткізді.
Үш күнге созылған жарыста «Startup» жобасының қолдауымен ашылған Қорқыт Ата оқу орталығының директоры Бибінұр Өткелбай мен орталық мамандарына төрешілік ету жүктелді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
баспасөз қызметі
---
20 ақпан 2019 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930