» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Астана қаласында болған велоспорттан Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі және №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Қызылорда облысының құрама командасы  жалпыкомандалық есепте 223 ұпаймен үшінші орынды алды.
     Жарыс нәтижесінде 10 шақырым қашықтықта топтық жарыста Әсем Төлемісова екінші, Роберт Гайнеев 160 шақырымдық айналымның топтық жарысында екінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, скретч сайысында Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.  
    4 шақырым қашықтықта командалық жарыста Әсем Төлемісова, Ақтолқын Әбдіжаппар, Роберт Гайнеев, Әзен Ғабиден бірінші орынды жеңіп алса, Асылхан Тұрар күміс жүлдеге ие болды. Дәл осы қашықтықта командалық жарыста Анастасия Иванова, Жанұя Сейтова, Аружан Ғалымжанқызы үшінші орынға табан тіреді.
    Айта кетейік, осы жарыстан Әсем Төлемісова мен Ақтолқын Әбдіжаппар ҚР спорт шебері нормативін орындады.
    Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 16-21 ақпан аралығында Малайзияда болатын Азия чемпионатына ерлер арасында Асылхан Тұрар, жастар арасында Әсем Төлемісова мен Ақтолқын Әбдіжаппар қатысады.
13 ақпан 2018 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031