» Астанада 2 мың тұрғын үй сертификаты берілмек

Астанада 2 мың тұрғын үй сертификаты берілмек


Астанада «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін 1 миллион теңгенің 2 мың сертификатын беру жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 875 отбасы 27 млрд теңгеге несие алады. Бағдарлама бұдан әрі қолжетімді болуы үшін, біз Жаңа жылдың алдында білім беру, денсаулық сақтау саласының және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаты түрінде 1 миллион теңгеден 100 көмекқаржы бердік. Биылғы жылы тағы 2 мың сертификат беруді жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй сертификаттары өзіме де ұнайды. Алайда мұнда бір проблема бар. Барлығы бірдей шектелімнен өте алмайды», – дейді қала басшысы.
Сұлтановтың сөзінше, елордада 2,3 млн шаршы метр баспана немесе 23 мың пәтер салынып жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Астана бүкіл мемлекет бойынша көш бастап тұр» – 1 419 пәтер.
«15 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бұл шамамен 4,5 мың пәтер. Олардың 3 106-сы биылғы жылы пайдалануға беріледі», – дейді Бақыт Сұлтанов.
---
20 ақпан 2019 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728