» » Жыл соңына дейін «Бәйтерек» ҰБХ 8 мың ипотекалық қарызды субсидиялайды

Жыл соңына дейін «Бәйтерек» ҰБХ 8 мың ипотекалық қарызды субсидиялайды

Бүгін Үкіметтің отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының 2017 жылғы нәтижелері қаралды. «Бәйтерек» холдингі нарықтық жағдайда бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруға қатысады.
«Холдинг өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық жоспарларын орындады», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.
71,9 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациялары сатып алынды, бұл жоспардың 100%-ын құрады. Осылайша, бұрын бөлінген қаражат толығымен пайдаланылды. Айдар Әріпханов, 2017 жылдың басынан бастап «Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы қаржыландыруға көшкенін атап айтты.
«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) 2017 жылы жалпы сомасы 289,9 млрд теңгеге 41,7 мың жеңілдетілген тұрғын үй кредитін берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бизнес-процестерін оңтайландыру тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы күнделікті жасалатын келісімшарттардың 2,5 есе өсіп, 1 мыңнан 2,5 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бұрын қабылданған бағдарламалар аясындағы тұрғын үй құрылысын аяқтау бағыты бойынша 628,6 мың шаршы метр тұрғын үй (10 829 пәтер) берілді. Олардың ішінде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй желісі бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 425,4 мың шаршы метр (7 207 пәтер) тапсырды, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 203,2 мың шаршы метр тұрғын үй (3 622 пәтер) тапсырылған.
Екінші деңгейдегі банктер ипотекалық мөлшерлемелерді субсидиялау бағыты бойынша тұрғындардың 13,6 млрд теңге сомасындағы тапсырыстарын мақұлдаған. 2018 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 120 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық қарызды субсидиялау жоспарланып отыр.
Жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберінде Аймақтық үйлестіру кеңестері жалпы сомасы 27 млрд теңге болатын 23 жобаны мақұлдады. Олардың ішінде «Даму» қоры жалпы құны 26,1 млрд теңге болатын 20 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойды.
Еске сала кетсек, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген болатын.
Ол тұрғын үй құрылысын қолдауға арналған және бұған дейін қолданыста болған 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы сынды мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жаңа тетіктерін біріктіреді.
23 қаңтар 2018 ж. 940 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031