» МУЗЫКА & МҮМКІНДІК

МУЗЫКА & МҮМКІНДІК


Кітап арқылы музыка үйренуге бола ма? Әлбетте. Айталық, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына келген оқырман өнер бөліміне қалай аяқ басқанын білмей қалады екен. Себебі бұл жерде тек кітап алуға ғана емес, домбыра, фортепиано аспабын үйренуге де мүмкіндік бар. Өткен жылдан бері мұнда музыка бөлімі тұрақты жұмыс істейді. Оқу ақысы айына – 4 мың теңге, ал мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы төмен отбасы үшін тегін қызмет көрсетіледі. Мұндағы тағы бір мүмкіндік, өнер саласы бойынша әдебиеттің көптігінде. Өнер тарихынан бастап, заманауи мәдениет тақырыбындағы оқулықты қиындықсыз табуға болады. Домбыра сабағы аптасына екі рет өткізіледі. Біз домбырашы Гүлмира Ғанибетовамен тілдестік.
    − Қазір сабаққа тұрақты түрде 18 оқушы қатысады. Балаға бірден нотаны  үйрену қиын. Сондықтан кітапта көрсетілген туынды нотасын оқушының дәптеріне қолмен жазып беремін. Домбыра тартқанда қолданылатын ноталарды ғана түсіндіруге тырысамын. Көпшілік нотаны дыбыспен үйренуге болады дейді. Бірақ ол тез ұмытылады. Келушілерге алдымен жаттауға оңай, қысқа туындылар – «Еркемай», «Біз – өмірдің гүліміз» секілді әндерді үйретемін. Мұнан кейін «Келіншек» күйін орындауды меңгереді. «Келіншек» − қазақ тұрмысын, тіршілігін суреттейтін әдемі күй. Оқушылар айына екі күйді толықтай жаттап алады. Мұның бәріне ынта мен еңбек қажет. Сондықтан әр қатысушыны жеке қабылдап, жарты сағат уақыт бөлемін.
       Аспапта ойнауды алғаш үйренушіге нотаны түсіну оңайға соқпайды. Ол үшін баланың қабілеті жоғары болу қажет. Мұны бізге фортепианодан сабақ беруші Нұрай Абдулла айтып берді.
       − Өнер бөліміне жуырда қызметке орналастым. Әзірге бес оқушы сабақ алады. Баланың қабылдауына қарай нотаны бір ай көлемінде жаттатуға болады. Бастапқыда орыс, украин халқының қысқа туындаларын үйретеміз. Кейін оқушы  айына үш туынды ойнай  алатын дәрежеге жетеді. Шәкірттің үй жағдайында фортепиано немесе синтезотор болса тіпті жақсы,-деді ол.   
        Бұл жерден музыка өнерін толықтай игеруге, сондай-ақ көркемсуретке қызығушылар үшін мүмкіндік барын білдік. Ең бастысы, келушіге бағасы қолжетімді әрі орталықтың аурасы жағымды Кітапханашы Баян Нұрмағанбетқызы алдағы уақытта қуыршақ және қобыз үйірмесі ашылатынын айтты.
Гүлдана ЖҰМАДИН
---
21 ақпан 2019 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031