» » Ақан серінің домбырасы бір ғасырдан кейін күмбірледі

Ақан серінің домбырасы бір ғасырдан кейін күмбірледі


 Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді.
Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жалпы жұртшылық қатысты.
«Бүгінде мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардың қатары жыл сайын жаңа экспонаттармен толықтырылуда. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаның куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайының қорына ұлы ақын Ақан серінің жеке домбырасы беріліп отыр», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
04 қаңтар 2018 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031