Altyn oimaq
Отандық дизайнерлерге арналған республикалық «Altyn oimaq» байқауына құжат қабылдау 15 мамырға дейін жүргізіледі.
Байқауды жеңіл өнеркәсіпті қолдау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП мен Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастыруда. «Altyn oimaq» байқауының мақсаты – киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру.
«Altyn oimaq» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады.
Қатысушыларға арналған аталымдар:
1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;
2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;
3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;
4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;
5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».
Байқауға қатысу үшін www.fundwomen.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыру жеткілікті.
«ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер 2019 жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.