ГОЛОВКИННЫҢ АНДЕРКАРТЫНДА АЛЫПТАР АЙҚАСА МА?
8 маусымда өтетін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жыр болған жекпе-жек өтеді. Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) кеші тағы төрт қатысушымен толықты. BoxRec.com ақпаратынша, бұл шоу андеркартында қазақстандық нокаутшы Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальомен (8-0, 4 КО) сегіз раундты жекпе-жек өткізеді. Бастапқыда Эюбов 27 сәуір Луизианада жұдырықтасу керек болатын. Бірақ қарсыласы салмақ өлшеуден өте алмады.Кард тізімінде "Құбыжық" атанып кеткен өзбекстандық Исраил Мадримов (2-0, 2 КО) те бар, оның қарсыласы кейін анықталады. Мадримов қазақстандық бокс сүйер қауымға белгілі. Сәуірде өткен Азия чемпионатының 1/4 финалында ол жарыс чемпионы атанған Тұрсынбай Құлахметтен (75 келіге дейін) жеңілген еді. Сонымен қатар кардтың тағы бір жұбы анықталды. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Джонатан Арройо (3-0-1, 1 КО) және Джордан Моралес (3-7, 2 КО) төрт раундтық кездесу өткізеді. Мұнымен қоса көрермендер Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) – Кортни Пеннингтон (12-3-3, 5 КО), Али Ахмедов (14-0, 10 КО) – Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) жекпе-жегін де тамашалай алады. Бұл кеште рингкте Никита Абабий (4-0, 4 КО) де шығады, алайда қарсыласы әзірге белгісіз.



