» ЖЕТІНШІ ЖЕҢІС

ЖЕТІНШІ ЖЕҢІС

  Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэнуді жеңіп, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 25-інен 26 мамырға қараған түні Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Жұдырықтасу алты раундқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Енді 27 жастағы спортшының еншісінде жеті жеңіс бар. Олимпиада чемпионы 2018 жылдың сәуірінде профиге алғаш шыққан. Жеті жекпе-жектің төртеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда, тағы бірін Монакода өткізіп, жеңіске жеткен еді. Норамбуэно карьерасында екінші рет жеңіліс тапты, ол 10 мамырда төрешілердің шешімімен америкалық Вардгес Варданяннан (7-0, 1 КО) жеңілген. Сондай-ақ 27 жастағы чилиліктің активінде үш жеңіс және бір тең жекпе-жек бар.
---
30 мамыр 2019 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930