Үшінші жекпе-жектің қашан болатыны белгілі болды
Абель Санчестің айтуынша, Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе 2019 жылдың басында рингке шығуы екіталай
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өтетін үшінші жекпе-жектің қашан болуы мүмкін екенін айтты.

Абель Санчестің сөзінше, "Golden Boy Promotion" компаниясының президенті Эрик Гомес GGG-дің жеңілісінен кейін үшінші кездесу өткізу қажеттігін айтқан. BoxingScene Санческе сілтеме жасап, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 5 мамырда өтуі мүмкін екенін жазды.
Бапкер орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе келесі жылдың басында шаршы алаңға шығуы екіталай екенін атап өтті. Санчестің пікірінше, қазақстандық боксшыға қазір демалыс қажет.
Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Төрешілердің шешімімен 12 раундқа созылған қарымта жекпе-жек мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz