2 миллион қазақстандық кедейлік шегінде тұр

Министр табысы төмен отбасының әрбір баласына атаулы әлеуметтік көмек нақты 20 789 теңге мөлшерінде белгіленгенін айта кетті.
Нұрымбетовтың дерегінше, осы жылдың 9 айында АӘК 417 мың тобасына немесе 2 млн 138 мың адамға тағайындалды.
Барлық алушылардың жартысынан астамы көпбалалы отбасылар саналады.
Бюджетте АӘК-ке 206 млрд теңге көзделген.
Осыған байланысты Қазақстанда 1,3 миллионнан астам бала АӘК алады, олардың 62% -ы 4 және одан көп баласы бар отбасыларда тұрады.