Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды
10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, түнде және таңертең бұрқасындатады, күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кейбір аймақта желдің күші 15-20 м/с дейін барады.
Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Түнде бұрқасындатып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды, негізінен қар жауады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрады.
Түркістан облысында да жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
10-12 қараша күндері Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады деп болжанып отыр.