» Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды

Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда араласқан адамдары анықталды

  Марқұм Алматыда 6 адаммен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың бәрі қаланың провизорлық ауруханаларына оқшауланды
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыда алты адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы оқшауланды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз өңірдегі әріптестерімізден ақпарат алдық. Бүгінде Алматы қаласы бойынша жақын байланыста болған 6 адам анықталды. Олардың бәрі қаланың провизорлық ауруханаларына оқшауланды", деді Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифингте.
26 наурызда астана ауруханасында Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.
Марқұм 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Шетелге шықпаған.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертония және атеросклероз кезіндегі сепсис. Пневмонияға коронавирус себеп болған.
"Пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Коронавирусқа анализ алынды. Қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ол. 
Әйелді жерлеу рәсімінен кейін марқұмның үйіне толығымен дезинфекция жасалады.






---
27 наурыз 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031