» » Қырғызстанда жедел жәрдем ақылы болады

Қырғызстанда жедел жәрдем ақылы болады

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында жедел медициналық қызметті ақылы ету ұсынысы талқыланды.Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Марат Қалиевтің айтуынша, сырқат адамдарды тасымалдауға көп ақша жұмсалады.
«Тасымалдауды ақылы қылатын уақыт келді. Әрине, жедел жәрдем тегін болып қалатын азаматтардың бөлек тобы болады. Шетелде ешкім жедел жәрдемді «бостан-босқа» шақырмайды. Өйткені қалтасынан ақша шығарғысы келмейді», - деді Марат Қалиев.
Ол жаңа жүйені аймақтардан бастауды ұсынды. Өйткені ол жақтарда шақырту аз. Оның ұсынысын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қолдады. Министр қолдауын денсаулық сақтауға үнемі ақша жетпей жатады деген себеппен түсіндірді.
10 ақпан 2018 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930