ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласында тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік бағдарлама. Негізгі мақсаты – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулыққа мемлекет, жұмыс беруші және әрбір азамат арасындағы ынтымақтастық жауапкершілікті нығайта отырып, денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын, саланың тиімділігін қамтамасыз ету арқылы түпкі мақсат - медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін медициналық пакеті кейінге, яғни 2020 жылға дейінгі мерзімге шегерілуінің бірден-бір себебі - еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған шамамен 3 млн жуық тұрғын анықталған. Аталмыш тұрғындардың МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті пайдалануы мен жарналарын төлеуі қиындық тудыруда және де өмір сүру деңгейінің әр түрлігінде болып отыр. Аталмыш санаттағы азаматтардың өмір сүру деңгейіне және әлеуметтік жағдайына байланысты жарналар мөлшері нақтылану қажет, яғни еліміздегі еш бір азамат медициналық көмексіз қалмауы қажет.
5 қаңтарда ТМККК орналастыру жөнінде 673 млрд теңгеге келісімшарт бекітілген. Бұл республика бюджетінен тегін медициналық көмек көрсетуге деп бөлінген қаржының 80 пайызына жуық қаражат.
Қалған қаражат Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық саласының басымдық берілген бағыттарын дамыту, барлық жерде пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін, азаматтардың емдеу мекемесін таңдау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып бөлінеді.
2018 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қазақстандықтарға 600-ге жуық жеке меншік клиника қызмет көрсетпек. Бұл Қордың жеткізушілер базасына енген медицина ұйымдарының 43 пайызы. Осылайша, жеке меншік клиникалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 130-ға артып отыр. Ал, жеке клиникалармен бекітілген келісімшарт сомасы биыл 95 млрд теңгені құрады. Бұл да алдыңғы жылдардағы көрсеткіштен 2 есе көп.
Денсаулық сақтау саласында 30 астам ақпараттық жүйе жұмыс жасайды, оның 25-іЭлектронды денсаулық сақтау орталығында орналсқан. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін баса айту керек.
Бақыт ИСМАХАНБЕТОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша