Күйеуіне келген конвертті ашқан Трамптың келіні ауруханаға түсті
Дональд Трамптың үлкен ұлының атына белгісіз адамнан ішіне ұнтақ салынған конверт келді. Оны әйелі ашып, кейін ауруханаға түсті.
АҚШ президентінің үлкен ұлының әйелі Ванесса Трамп 12 ақпан күні ішіне ақ ұнтақ салынған конвертті ашамын деп ауруханаға түседі. Аталған хат күйеуіне келген екен. Бұл оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында Манхэттендегі ерлі-зайыптылар пәтерінде болған. Нью-Йорк полиция қызметкерлері өз кезектерінде Ванесса Трамптың ауруханаға тек алдын ала сақтық шарасы ретінде жатқызылғанын айтып өтті. Әзірге президенттің келінінің денсаулығына қатысты нақты ақпарат жоқ. Онымен бірге ауруханаға тағы екі адам түсті. Дереккөздері ол адамдардың есімін құпия ұстап отыр.