Лас-Вегаста Hyperloop капсуласының жылдамдығы рекордтық деңгейге жеткізілді
АҚШ ЛасВегас Hyperloop капсуласы рекордтық жылдамдық Лас-Вегас маңында жүрдек пойыздың капсуласы сағатына 387 шақырым жылдамдықпен жүріп өтті. Бұл туралы құрастырушы компанияның өкілдері мәлім етті. Олардың айтуынша, пойыз бұдан да жоғары жылдамдықты еңсере алады. Келешекте ол сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен жүйткімек. Жоба сәтті іске асқан жағдайда Нью-Йорктан Вашингтонға 30 минутта жетуге болады. Жобаның өзі 2014 жылдан бері қаржыландырылып келеді. Соңғы 3 жылда 300 миллион доллардай қаражат жұмсалған. Ал вакуумдық құбыр арқылы алыс қашықтыққа жол жүру идеясы кәсіпкер, инженер Илон Маскқа тиесілі.